Гидротермалы ерітінділер - жер қыртысының қимасындағы айналымында минералды заттардың қозғалыстарына және түзілуіне жағдай жасайтын, көбінесе газдармен қаныққан ыстық сулы ерітінділер. Гидротермалы ерітінділер құрамындағы газ мөлшерінің барынша өзгермелілігі себепті кей ретте пневматолитті-гидротермалы ерітінділер деген сөз тіркесін қолдануға тура келеді. Гидротермалы ерітінділер шынайы (молекулалық) ерітінді және коллоидті ерітінді түрінде болуы мүмкін. Көптеген рудалы кендердің қалыптасуы Гидротермалы ерітінділер әрекетімен тығыз байланысты.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Санат:Геология Санат:Гидрология Санат:Гидрогеология