Сыртқы (шалғай) жабдық (Внешнее (периферийное) оборудование; peripheral equipment) — компьютерге қосыла алатын кез келген шалғай құрылғыға берілген жалпы атау; компьютердің сыртқы құрылғыларының кешені.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Сыртқы (шалғай) құралдардың жоқтығы компьютердің жұмыс істеуіне ешқандай кедергі келтіре алмайды, алайда көптеген тұтынушылар ДК-мен еркін қолдану мақсатында сыртқы жабдықтардың кей түрлерімен кеңінен қолдануда.
Сыртқы құралдардың түрлері Сыртқы(шалғай) жабдықтарды 3 негізгі түрге жіктесек болады: енгізу құралдары - ақпаратты енгізу мақсатында қолданылатын шалғай құралдар:тышқан(тінтуір),пернетақта,тачпад,сенсорлық экран,микрофон,сканер,веб-камера. шығару құралдары - ақпаратты шығару мақсатында қолданылатын шалғай құралдар: экран,видеокарта,принтер, акустикалық жүйе. жинақтау(сақтау) - ақпараттың қандай да бір түрін сақтау мақсатында колданылатын шалғай құралдар: қатты магниттік дискідегі жинақтаушы, иіллгіш магниттік дискідегі жинақтаушы, ленталық жинақтаушы, USB-жинақтаушы.
Кей жағдайда шалғай құралдарды бірден бірнеше типке жатқызуға болады. Мысалы: дыбыстық карта,желілік карта, енгізу-шығару құралдары және т.б.
Компьютердің құрылғыларын 3 негізгі типке қүбөлсе болады: ішкі құрылғылар(орталық процессор,ЖЖҚ), сыртқы(шалғай) құрылғылар, аралық құрылғылар.
Ішкі құрылғылар компьютердің негізгі архитектурасын және аппараттық платформасын құраса, сыртқы құралдар компьютердің архитеурасына тәуелсіз, тек компьютердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін ғана қолданылады.
Дереккөздер
Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника