нобай|195x195 нүкте|Туу кезеңдері Туу – бала туу, дүниеге адамзаттың өмірін жалғастырушы ұрпақ әкелу, халықтың табиғи өніп-өсу, көбею үдерісі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Акушерлік
Босану кезінде әйелге медициналық көмек көрсетуді (босандыруды) акушерлер (босандырушылар) жүзеге асырады.
Акушерлік ғылым ретінде клиникалық медицинаның бір саласын білдіреді. Акушерліктің зерттеу пәні — ұрықтану, жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңмен байланысты физиологиялық және патологиялық үдерістер. Акушер-ғалымдар босануға көмектесу әдістерін, босану үдерісінің асқынуларын алдын алу жолдарын және әйелге, ұрыққа мен жаңа туған нәрестеге медициналық көмек көрсетуді зерттеп, әзірлейді.
Босануға көмектесу кезінде қолданылатын әдістердің бірі — босану қызметін ынталандыру (индукция). XXI ғасырда мұндай ынталандыру көбінесе медициналық көрсеткіштерсіз жүргізіледі. Алайда индукция өздігінен (табиғи түрде) болған босанумен салыстырғанда ана мен жаңа туған нәрестеде асқынулардың жоғары қаупіне әкеледі. Бұдан бөлек, босану қызметін ынталандыру арқылы туған балаларда жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) жиілігі жоғары екендігі туралы бақылаулар бар.
Тағы қараңыз Акушерлік көмек Жүктілік
Дереккөздер
Санат:Туу