Гидромонитор (гидро... + — су атқылау) — грунттарды, таужыныстарды және т.б. материалдарды жуып-шаю және ұсату мақсатында су ағыншаларын түзу және олардың ұшуын басқаруға арналған құрылғы.
Қолмен және қашықтықтан басқарылады. Мелиорацияда жер имараттарының құрылысын жүргізу кезінде грунттарды үю, тығыздалған грунттарда орлар, каналдар, шұңқырлар қазуға пайдаланады. Шағын гидромониторлар – ГМ-2, ГМН-250С, ГМРЦ-2, ВНИИГиМ және "Гидроторф" құрылымдары көбірек таралған. Гидромонитордың негізгі техникалық көрсеткіштері мына тұрғыдаҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.:
КөрсеткіштерГМ-2ГМН-250СГМРЦ-2Өнімділігі (су өтімі), м3/сағ.400-720650-1080Судың жұмыс қысымы, МПа1,21,23,0
КөрсеткіштерВНИИГиМ"Гидроторф" құрылымыӨнімділігі (су өтімі), м3/сағ.216-36090-180Судың жұмыс қысымы, МПа1,52,5
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы Санат:Құралдар