Түрген суармалау жүйесі — Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының жеріндегі суармалау жүйесі. Негізінен Түрген өзенінің суын пайдаланады. Жүйенің жалпы ұзындығы — 470,4 км (бұның 190,3 км-лік арнасы бетонмен қапталған). Бас каналының ұзындығы — 1,8 км, секундына 13,6 м3 су өткізеді. Жалпы 1435 су реттегіш қондырғылары бар. Жүйемен аудан шаруашылықтарының 16,5 мың га егістігі суарылады. Егілетін дақылдар ішінде жүгері, темекі үлесі басым. Жүзімдік те суарылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы