Ескен Аманжолұлы Сіргебаев (19.05.1940, Алматы) - суретші, мүсінші. Қондырғылы және монументті мүсін саласында жұмыс істейді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 1992.

Өмірбаяны 1969 жылы қазіргі Санкт-Петербург кескіндеме, мүсін және архитектура институтын бітірген.Қазақ Совет Энциклопедиясы* 1969-74 жж. Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді. 1978-93 жж. Алматы театр және көркемсурет институтында, Қазақ көркемсурет академиясында сабақ берді. 1986-88 ж. Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының хатшысы болды.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Туындылары 1960 жылдан бастап жасаған мүсіндерімен көрмелерге қатысып келеді. Ол қондырғылы, монументті, монументті-безендіру мүсін саласымен айналысады. М. Әуезов (мыс, 1977, Алматы) әл-Фараби (Оңтүстік Қазақстан облысы, мыс) мүсіндерінің авторы. Н. Байғанин (Ақтөбе облысы Байғанин ауданы, бетон) І. Жансүгіров (бұрынғы Жансүгіров ауылы, қола) М. Әуезов (Алматы, қола мен гранит, 1980) т.б. ескерткіштерін жасаған.Қазақ Совет Энциклопедиясы Монументті-безендіру саласында еңбек етіп: "Шопан мен құрішші"''(1975, Қызылорда қ.) "Ф.М. Достоевский" (1975, Семей қ.) "Қазақ эпосы" (1977, Атырау қ.), т.б.жасадыҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8. «Жас Абайдың портреті» (1963, гипс, Керкемөнер көрмелерінің дирекциясы қоры) дипломдық жұмысы ретінде «Абай портреті» (1969, гипс, Санкт-Петербургтегі Көркемсурет Академиясы қоры) осы еңбектің көшірмесі негізінде «Абай портреті» (1971, гипс, Павлодар облысы өнер музейі қоры) Абайдың Семейдегі мемлекеттік қорық-музейі үшін креслода отырған «Абай ескерткіші» (1970, мыс) суреттерін салды. «Абай портреті» (1974, қапталған мыс, Ақмоладағы өнер музейі қоры) сол жылы «Абай портреті» (1974, гипс) жұмысы Қазақстан Республикасы жас суретшілерінің көрмесіне қойылды. Абайдың мемлекеттік қорық-музейінде (үлгі ретінде) қолына кітап ұстап тұрған «Абай» тұлғасы (1979, гипс) тұр. Сіргебаевтың тағы бір «Абай портреті» (1977-79, ағаш, Қазақтың мемлекеттік өнер музейі қоры) граниттен жасалған 2 еңбегі «Абай» (1983, бюст, Қазақтың мемлекеттік өнер музейі қоры) «Абай» (1985, Көркемөнер көрмелерінің дирекциясы қоры) туындысы бар.

Марапаттары Ш. Уәлиханов атынд. Мемлекеттік сыйлығы лауреаты.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Галерея

Дереккөздер

Санат:19 мамырда туғандар Санат:1940 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:КСРО мүсіншілері Санат:Қазақстан мүсіншілері Санат:XX ғасыр мүсіншілері Санат:XXI ғасыр мүсіншілері Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Репин атындағы институт түлектері Санат:Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі оқытушылары Санат:Қазақстан суретшілер одағы мүшелері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы оқытушылары