Экономикалық көзқарасы. Абай Қазақстанның ұзақ жылдарға созылған Россияға қосылуының аяқталуына байланысты Далалық өлкенің әлеум.-экономик. және саяси өмірінде маңызды өзгерістер туған дәуірде өмір сүрді. Өлкені отарлық езгіге салу мақсатымен патша үкіметі енгізген басқарудың жаңа жүйесі көшпенділердің ғасырлар бойы қалыптасқан патриархалдық-феод. өмір салтының шаңырағын шайқалтты. Қазақ ауылдарына товарлы-ақша қатынастары тарай бастады, әр түрлі кәсіпшілік орындары пайда болды, егіншілік пен сауда өрістей түсті, мал ш-ның құрылымы өзгерді. Дегенмен, қазақ қауымының ыдырау процесі тым ұзаққа созылды, қазақтардың түсінігі мен тұрмысын әбден билеп алған патриархалдық-рулық қатынас қалдықтары қоғамдық қатынастарға да әсер етті. Би және болыс қызметтеріне сайланып, Далалық өлкенің қоғамдық өміріне тікелей араласқан, оның үстіне өзі де ірі феодал болған Абайдың 19 ғ-дың соңғы ширегінде қазақ қауымын толғандырған экономик. мәселелерден тыс қалмағаны сөзсіз. Абайдың экономик. көзқарасының қалыптасуына оның Семейге жер аударылып келген саяси адамдармен достығы, сондай-ақ, Семей облысы Статистика к-тінің жұмысына араласуы айтарлықтай ықпал етті. Облыстың ресми әкімш. орталығы болған Статистикалық к-т езінің тікелей қызметімен қоса елке экономикасын зерттеуге байланысты ғыл.- зерт. жұмыстарымен де айналысты. Комитет секретары Е. П. Михаэлистің ұсынысымен Абай 1886 ж. Семей Статистикалық к-тінің толық мүшесі болып сайланды. Ол осында қызмет атқаратын орыс зерттеушілерімен қоян-қолтық араласып, экономика, статистика және социология мәселелеріне ден қойды. Ойшыл-ақын орыс революционер-демократтарының еңбектерін оқу, «Современник» және «Отечественные записки» журналдарының мақалаларымен, сондай-ақ, комитет кітапханасындағы әдебиетпен танысу арқылы өзінің экономик. білімін кеңейте түсті. Осының барлығы Абайдың қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсариннің демокр. бағыттарының жаңа жағдайлардағы жалғыз болып табылатын экономик. көзқарасының орыс рев. демократтарының озық идеялары арнасында қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Ол көптеген шығармаларында, әсіресе, ғақлияларында көшпелі шаруашылық-экономикасын терең білетінін танытып, экономиканың әр түрлі мәселелері төңірегіндегі ойларын ортаға салады. Ойшыл-ақын патриархалдық-феод. қатынастарды, әсіресе, оның негізі болып саналатын, өзі өлке экономикасының артта қалуына басты себепкер деп есептейтін көшпелі мал ш-н өткір сынға алады. Ол қазақтарды отырықшылыққа көшуге, шаруашылықтың неғұрлым озық формаларына - егіншілікке, кәсіпорындар мен сауданы дамытуға шақырады: «Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтем інінен басқа ойының жоқтығынан, өзге: егін, сауда, өнер, ғылым - солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді». Абай егіншілікпен, сауда-саттықпен және әр түрлі кәсіппен айналысатын басқа халықтардан үйренуге өсиет етті: «... сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ... Ноғайға қарасам... Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі... Орысқа айтар сөз жоқ...» Абай қазақтардың отырықшылық пен шаруашылықтың жаңа формаларына көшуі қажеттігі туралы озық ойларын айта отырып, патриархалдық-рулық қатынастардың үрлық- қарлық, талан-тараж, еңбекке жоқ еріншектік сияқты кесірлі көріністерін сынға алады, бұларды шаруашылықты жүргізудің кертартпа формасы - көшпелі мал ш. тікелей туғызған кесапаттар деп есептейді. «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола берет ұғынының бір себебі - жұмысының жоқтығы. Егер егін сапса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді?» Ақын патриархапдық-феод. қоғамның үлкен кеселі ұрлық деп есептейді. Ол ғақлияларының Он бірінші сөзін осынау жексұрын құбылыстың Далалық өлкеде тарау себептерін тұжырымдауға арнаған. Абай адамдардың бір бөлігі ұрлықты өздерінің баю құралы етіп алғанын, ал екінші біреулердің онымен тікелей ездері айналыспаса да, соған қол ұшын беру, ұрланған, талан-таражға түскен затты жасыру, сатып алу арқылы пайда табатынын атап көрсетеді. Ағартушы ұрлықтың адамды еңбектен бездіретін зиянды әсерін ашына жазады. Байлар қолындағы биліктермен ұрыларды қолдап, оларды өздерінің баю мақсаттарына пайдаланып отырды. «Ұрыны тыюда оңай болар еді, бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын, азат ұғын байларды кім тыяды?» Абай «рулық көмек», «ортақ дәулет» деген желеумен байлардың өз туысқандарын өздері сүліктей сорып отырған патриархалдық- рулық қоғам негіздерін сынға алады. Ол бүл құбылыстың мәнін аша келіп: «Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік», - дейді. «Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не зиян? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес», -деп жазады. Ақын отырықшылыққа көшуге, егіншілікті дамытып, кәсіппен сауданы өрістетуге шақыра отырып, көшпелі шаруашылықтың өзінде, мал ш-ның сипатында пайда бола бастаған өзгерістерді көрсетіп берді. Ол «Осы қымыз қазаққа...» деген өлеңінде түлік түрлеріне экономик. баға береді, патриархалдық-феод. қоғамда кісінің дәулеті, беделі мен қадір-құрметі оның меншігіндегі табынының санына қарай айқындалатын болғандықтан бай-феодалдардың жылқы малын көбейтуге құмар екендігіне тоқталады. Абай мал ш-ның жалшы-жақыбай үшін пайдалы салаларын дамытуға үндейді. Ондай сала сиыр малын өсіру мен қой ш. деп есептейді. Сауда-саттық үшін ет, май, тері, жүн бағытындағы бұл салалар барған сайын өріс алып келе жатқан нарық пен жартылай отырықшылықты өмір жағдайларына неғұрлым сай келуімен қатар, малды бағып-күтетін адамдарды қажетті тағаммен, киім-кешекпен. б. қамтамасыз етеді. Абай басқа да ағартушы-демократтар сияқты қоғамның дамуында оқу-ағарту ісімен қатар өндірістік еңбектің шешуші қызмет атқаратынын атап көрсетеді. Ол халыққа: «Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сез болса, ол ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпенен мал іздемек - ол арлы адамның ісі», - деп түсіндіреді. Капиталистік қатынастар белгісін кере бастаған ақын кедей-кепшіктің кіріптарлықтан шығуы үшін жалданып жұмыс істеуі, кәсіпшілік орындарына баруы қажеттігін айтады. Абайдың пікірінше, адамның абыройын көтеретін де, оны кеселді кесірлерден арылтып, халықтың хал-ахуалын жақсартатын да - еңбек. Абай өз шығармаларында егін ш-мен қатар кәсіпкерлікті де кеңінен насихаттайды. Ғақлияларының Отыз үшінші сөзі тұтасымен қазақтар арасында қолөнер кәсібінің сипаты және оны ұйымдастыру жайын тұжырымдау, одан әрі дамыту жолдарын белгілеу мәселелеріне арналған. Көтеріп отырған мәселенің тереңдігі жөнінен бұл «сөзді» патриархалдық феод. қоғамдағы қолөнері мен ісмерлер хақындағы трактат деп атауға әбден болады. «Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек, - деп жазады ақын. - Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол». Қоғамның еңбек етпей, бос сандалып, серілікпен, өсек-аяңмен, ұрлық-қарлықпен айналысып жүрген бөлігіндей емес, тек өз еңбектерімен ғана күнелтетін қолөнершілерді Абай қазақтардың ішіндегі әулиесі деп есептейді. Қолөнерді ұйымдастыру мен ісмерлер жұмысындағы кемшіліктерге жан-жақты тоқталады. «Бірақ құдай тағала қолына аз-мұз өнер берген қазақтардың кеселдері болады. Әуелі - бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көрініп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден енер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанамын, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады». Ақын өзге халықтар, дәлірек айтқанда, өзбектер мен татарлар дамудың неғұрлым жоғары баспалдағына көтеріліп отырғанда қазақтар қол өнерінің тоқырауға ұшырап, кертартпа сипатта ғана дамып келе жатқанын әділ аңғартады. Дегенмен, бұл кері қалуды, ол ісмерлердің өз жалқаулықтары, орашолақтықтары деп қана түсіндіреді. Ал, бұған шын мәнісінде көшпелі шаруашылық жағдайындағы еңбек бөлінісінің әлсіздігі кінәлі болатын. Қолөнершілер мал ш-мен, ал, көшпелі кедей-кепшік - отбасындағы ұсақ қолөнершілікпен айналысты. Қолөнерінің көшпелі шаруашылықпен арадағы бұл анайы бірлестігі қоғамдық еңбек бөлінісі мен товар айналымының дамуын кешеуілдетіп, бұйымды өткізу нарқын шектей түсті. Көшпелі тұрмыс салты мен қалалардың мардымсыз дамуы да айтарлықтай тежеу болды. Абай қолөнерімен айналысатын қазақтардың тағы да бір кемшілігі - «бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектік, жалқау, салғырттық, кербездікке салынады» деп атап көрсетеді. Ісмер-қазақтардың бұл пиғылдары өздері еңбек ететін өндірістік жағдайға байланысты. Жаңадан ғана пайда бола бастаған товарлы-ақша қатынастарының ауыл арасында көп қажеттілік туғыза алмауы өнімді өткізудің қажетті көздерін қамтамасыз етпеді. Сондықтан шеберлердің өз жағдайлары қарама-қайшылыққа толы болды. Егер ол жұмысын жақсы атқарып, малды көп тапса, онда қолөнерімен айналысуды қояды да, мал иеленуші байға айналып шыға келеді. Бірақ, оның байи қоятын жағдайы да, бұған оның ынтасы да жоқ еді. Ісмер күнделікті күнкөріс қамынан әрі аса алмады. Абай қолөнері мен ісмерлердің үшінші, төртінші кемшіліктерін атай келіп, олардың жасаған бұйымдары болмашы тиын-тебен үшін әлдекімдердің қолында кететініне, шеберлердің тым аңғырт, өз өнерлерін бағалай алмайтындарына өкінішін білдіреді. Бұл құбылыс патриархалдық- феод. қатынастардың, натуралды шаруашылықтың басымдығы мен күн заңының аясын тарылтып отырған товарлы-ақша қатынастарының әлсіз дамуының нәтижесі екені сөзсіз. Ауыл арасында алып-сатарлық онша өрістемеді. Әдетте, бұйымдар тікелей сұраныс бойынша әзірленіп, оның құны заттай төленді. Сауда капиталының өкілдері осыны пайдаланып, шеберлер қолынан шыққан бұйымдарды тым арзан бағаға сатып алып, нарық бағасымен бірнеше рет қымбаттатып қайта сатты. Осының барлығы ісмерлердің жағдайын нашарлата түсті, олар шаруашылықтарының басын құрай алмай, өсімқор байларға кіріптар күй кешті. Ағартушы-ақын қолөнершілер мен ісмерлер қызметіне адамгершілік, моральдық тұрғыдан баға бергенімен, оның тұжырымдарында бүл мәселеге экономик. жағынан да қарай білгені байқалады. Абай ісмерлерге жалқаулыққа бой алдырма, аңқау болма, шеберлігіңді жетілдіре, еңбегіңді бағалай біл, біреуге тоналма, алдауға түспе деген кеңес бере отырып, құн заңының негізгі талабы - балама айырбастың қажеттігін түсінуге дейін жетеді. Ақын сауданың экономик. прогресс экосындағы орнын аса жоғары бағалады. Ол феод. тұйықтықтан' шығу, аудандардың өзара. экономик. байланыстарын жақсарту ісінде сауданың прогрестік қызмет атқаратынын дұрыс сипаттай
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Абайдың экономика жөніндегі көзқарастары · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.