Аюлы – Нияз тауының батысындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің оңтүстік-шығысында 35 км жерде орналасқан. Ең биік жері 796 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 13 км-ге созылып жатыр, ені 5 км. Есіл, Қарғалы, Шортанды өзендерінің салалары осы таудан басталады.
Геологиялық құрылымы Протерозой жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Карбонатты қара топырағында бетеге, селеу өседі. Аңғарларында көктерек, қайың шоқ тоғайлары кездеседі, тау ішінде бұлақ көп.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Осакаров ауданы таулары