thumb|200px|Свастикалық байрақ () — «арий» нәсілінің және нацизм идеологиясының символы. Үшінші рейхтің мемлекеттік туы (1933—1945) thumb|Нацизмның негізін қалаушы — Германия фюрері және рейхсканцлері (1933—1945) Адольф Гитлер Нацизм (), ресми атауы ұлттық социализмСаяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 — бұл тоталитарлықBracher K. D. Totalitarism., экстремистік, радикалдық, нәсілшілдік, антисемитисттік саяси идеология және 1919—1945 жылдар аралығындағы Германия мемлекетіндегі қозғалыс, сонымен қатар фашизмнің ерекше формасыNeocleous, Mark. Fascism. Minneapolis, Minnesota, USA: University of Minnesota Press, 1997 p. 23.. Нацизм өзіне этникалық ұлтшылыдықты, «арий нәсілінің» идеясын, және де оның басқа нәсілге қарағанда биологиялық және мәдениеттік үстемдігін, нәсілдік антисемитизмді («семиттік нәсіл» — еврейлер — гитлер Германиясында антипод, және де неміс халқының ең басты жауы болып саналған), славянофобтық, «арийстік» (неміс халқының) социалисттік, антикоммунисттік, анти-либералдық және антидемократиялық идеяларды қосады. Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы идеологиясы (), 1933—1945 жылдары Германияның (Үшінші рейх) ресми идеологиясы болды.

Ұлтшылдық-социализм өзінің басты мақсаты ретінде неміс халқы әл-ауқатты өмір сүру үшін, кең аймақта «нәсілдік таза», «арийстік», ұзақ уақыт бойы өмір сүре алатын («мыңжылдық рейх») мемлекетті құруды қойды.

Идеология Нацизм — Германияның XX ғасырдың басында пайда болған, әлемдегі ең қатыгез идеологиялардың бірі болып саналады. Оның ең басты мақсаты — бүкіл немістілді халықтарды бір Германдық мемлекетке қосу еді. Нацизм өзіне этникалық ұлтшылыдықты, «арий нәсілінің» идеясын, және де оның басқа нәсілге қарағанда биологиялық және мәдениеттік үстемдігін қосты. Нацисттердің ойынша, идеалды неміс мемлекеті бірпартиялық, жеке басқа табынушылық, және автократиялық болу керек. Бұл ой Ұлтшылдық-социализмдық неміс жұмыс партиясының (), одан кейін Үшінші рейхтің ресми ұранында айтылған: «Бір халық, бір рейх, бір көшбасшысы (фюрер)» ().

Фюрер thumb|Германияның Фюрер және рейхсканцлері байрағы Көшбасшы — фюрер ( — «көсем», «жетекші»), нацисттік Германияның елбасы (1933—1945). Нацизм идеологиясы бойынша, фюрер — тек қана Германия мемлекетінің басшысы емес, онымен қоса, әлемдегі барлық неміс халқының өкілі, халықтың тұмары болып саналған. «Фюрер» лауазымын алған адам — жалғыз Адольф Гитлер.

Дереккөздер

Санат:Германия саясаты Санат:Фашизм Санат:Идеологиялар Санат:Тоталитаризм