Абай қазақтың өзіне дейінгі және өзімен тұстас өлең сөзіне қатаң талап қойып, кей сәттерін сынай отыра, қазақ поэзия тілінің жасалу және даму заңдылықтары мен шарттарына мойынсұнбай кетпеді, өйткені бұл - көркем сөз дамуының объективті заңдарының бірі. Абай буын саны жағынан өлеңнің өзіне дейін болмаған жаңа түрін жасағанымен олардың барлығы да силлабикалық құрылыс заңдылығына бағынады, өйткені қазақ өлеңінің жасалу табиғатының өзі - силлабикалық буын өлшеміне құрылған. Абай өлеңнің тармақ саны мен ұйқасуына қарай небір алуан жаңа түрлерін ұсынғанымен олар өлеңді ұйқасқа құру шартына бағынады, өйткені соңғы дәуірлердегі қазақ өлеңінің негізгі белгісі - аллитерация емес, ұйқас. Абай қазақ өлеңі бұрын білмеген теңеудің, эпитеттің, метафораның жаңа түрлерін ұсынды, ал олардың қолданылу принциптері мен жасалу техникасы Абайға дейінгі қазақ өлеңіне де тән болатын. Бұл шарттан да Абайдың аттап етуі мүмкін емес еді. Бірақ осылардың барлығын жетілдіру, түрлендіру, жаңа сапалық белгілер қосу тұрғысынан. т-н дамытуда Абайдың еңбегі орасан зор болды. Абай, Пушкин сияқты, өлеңнің іші поэтикалық ойға толы болуына күш салады. Ойға құрылған өлең сол ойды дәл, әсерлі етіп беретін амал-тәсілдерді іздестіреді. Сондықтан да Абайда өлеңнің мазмұнын, айтпақ идеясын білдіретін элементтердің айқындала түсуі басым.

Абай қазақ тілінің сөздік құрамына өзгеріс енгізді. Өзіне дейінгі ақын-жыраулар тілінде көп қолданылмайтын тұрмыс-салттық лексиканы, қарапайым сөздерді, терминдік мәнге ие болған ескі, жаңа атауларды өлең тіліне қосып, оларды поэзия тілінің құралына айналдырды. Абай шығармашылығы тақырыбының бірі және бастысы - адам, оның моральдық бет-бейнесі, сыртқы портреті, ішкі дүниесі, іс-әрекеті. Және бұл тақырыптарды Абай бұрынғыдай жалпы түрде, есиет-ақыл айту түрінде емес, нақтылы түрде, әр қимыл-әрекетті, әрмінез- қылықты дәл көрсету сипатында жырлайды. Сондықтан адамның белгілі бір сәттегі психология күй қалпын дәл беру үшін бұрыннан тілде қолданылатыны жүрегі лүпілдеу, буыны босау, сағыну, ләззат алу тәрізді дағдылы сөздермен қатар қазақ өлең-жырлары тілінде көп кездеспейтін суыну, ысыну, өлең қағу, бос шошу, қызару, сұрлану деген сияқты жай-күй атауларын пайдаланады. Абайда жалпы адамды әр алуан жақтан бейнелейтін етістіктердің көптігін және олардың образ жасауға қатысатынын айту керек. Сырт қарағанда «поэтикалық паспорты» жоқ бұртақтау, тыртыңдау, арсаңдау, босқа талтаңдау, ит көрген ешкі көздену, тізесін созғылау деген сияқты сөздердің өзіне де стильдік жүк артып, поэзия тілінің құралына айналдырған.

Абай өлендеріне көзге елестетіп берілетін образдау тән. Мысалы, аңға салған құс пен одан қашқан түлкінің суретін көзге елестетіп беру үшін ақын қайқаң қағу, салаң ету, аузын ашып қоқақтау, қанат-құйрық суылдау сияқты сөздерді ұтымды пайдалана білген.

Мағына ауыстыру, теңеу сияқты «прозалық» сөздерді пайдалануды жүйеге айналдырған. Мысалы, бақсының моласындай жалғыз қалу, безгек ауру сықылды жүдететін ғашықтық, піскен алма секілді тәтті қыз, өмір жолы - иген жақ т. б. Лексик. топтардың ішінде тек күнделікті тұрмысқа қатысты немесе поэтикасында сөз болу қасиеті (мағынасы мен бояуында) бейтарап сөздерді ғана емес, ' қоғамның саяси-экономик. құрылысына, оқу-білімге, философия мен дінге қатысты сөздердің поэзия тілінемолынан қатыстырылуы және кебінің образ жасауға қатысып, көркемдік құралына айналуы - Абай өлеңдері тілінің бір ерекшелігі. Абай поэтикасында кезге түсетін тағы бір құбылыс-образдардың ауызша әдеби тілдегідей, көбінесе қазақ халқының сан ғасырлық күн көріс тіршілігінің негізі - малға немесе ез көзіндегі қазақ тіршілігіне таныс құбылыстарға байланысты болып келетіндігінде ғана емес, сол образдардың тыңдығында, бұрын айтылмаған теңеу, бейнелеулерде. Мысалы, мұнда күлкіні - мәліш саудаға, алыс-берісті - асық ұтысқа, бозбаланы-оңғақ бұлға теңеу немесе ұрлық пенен қулыққа байлағанда-кестің бау деуі осыны көрсетеді. Абай талаптың аты, талаптың тұлпары, асау жүрек, жүйрік уақыт, үміттің аты, қу тілмен қулық сауу деген соны фразеологизмдерді жасауда да малға қатысты бейнелі сөздерді алады. Абай негізін қалап, әрі қарай жүйеге айналдырған поэтикалық тәсілдің бірі төксе түзу саласына қатысты. Текст түзу дегеніміз шығарманың бір бөлігінде немесе шағын бір өлеңнің өн бойында мағыналары бірін-бірі айқындайтын, модальдық реңктері біртектес сездірді шоғырлап беру болса, Абай сездің белгілі бір поэтикалық мақсатты өтеуі үшін сол текстегі өзге сөздерге иек артады, яғни сөздердің бір-біріне «қызмет көрсетулері» керек екенін жақсы сезеді. Мысалы, «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» деген шағын өлеңінде ақын өз заманындағы қоғамның аса жағымсыз топтарын суреттейді. Сондықтан мұнда сұм-сұрқия, қу, білгіш деген зат есімдерден бастап, құдай ату, бұтып-шату, есіру, ісіп-кебу (ауыспалы мағынада), қабару (бұл да), ит ырылдату, сілесі қату, құдай қалжыратып құмар қылу деген етістіктерді қолданады. Бұлардың әрқайсысы - экспрессоид, яғни әрқайсысында жағымсыз қылық, іс-әрекетті білдіретін мағынамен қатар сол мағынаны әсерлі өтіп көрсететін бояу бар: жоқтан барды жай айту емес - бұтып-шату, құр мақтану емес - есіру, жай шығынды болу емес - шығынға белшесінен бату, жай құмар қылу емес - құдай қалжыратып құмарқылут. б. Бұл сөздердің әрбіреуі осындай экспрессияға ие болса, олар бір жерге, бір өлеңге шоғырланып берілгенде есері мен бояуы одан сайын күшейіп, өлеңді «жұп-жұмыр, тұтас» дүниеге айналдырады. Текст түзудің тағы біржақты үлгісіне «Сегізаяқ» өлеңін келтіруге болады. Бұл өлең - Абайдың ақындық, азаматтық ар-ожданының толғанысы, дүниеге, болмысқа деген көзқарасы, философиясы, сондықтан ақын мұнда абстракт ұғымдарды сөз өтуді, ол үшін сол ұғымдардың атауын таңдайды. Бұл өлеңде қызыл тіл (бұл атау толғаныс, философия, поэзия, сөз деген ұғымдарды білдіреді), ой, әдет, қайрат, сөз (толғаныс, өлең, пікір), мінез, насихат, есек, ынсап, ұят, дәулет, нәсіп, еңбек, ар, өтірік, ұрлық, зорлық, тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, қулық, сұмдық, қорлық, мақсұт, абұйыр, талап, ғылым, дерт, жалғыздық деген сияқты 40-қа жуық абстракт ұғым атауларын қолданады. Бұлардың шоғырланып келуінде стильдік мән бар: осы сөздерді талғап, таңдап келтірудің арқасында өлеңге философия сипат беріліп тұр.

Сол сияқты өз замандастары - болыс пен пысықтардың, «әсемсіп, сәнсіген кербез, керімдерді», «бойы бұлғаң, сөзі жалмандарды» - осылардың баршасының образын дәл, әсерлі етіп беретін сөзімдік әсері күшті поэтикасында құралдарды іздеп, ол үшін бейнелі, көркем бояуы қалың, яғни семантикасында жағымсыз реңкі бар етістік сөздерді шоғырымен келтіреді. Бір ғана «Болыс болдым, мінеки» деген өлеңінде болыс, шабарман, пысықтардың портретін жасауда ақын далпылдап, барқылдап, бартылдап, тарқылдап, қарқылдап, шартылдап, лепілдеп, күпілдеп деген сияқты образды сөздерді топтап келтіреді. Бұл өлеңді құрайтын езге сөздер де модальдық реңкі жағынан осылармен «үндес» келеді: мұнда бейтарап мағыналы беру етістігі емес - тығындау сөзі бейнелі немесе мықтап ұстау, қатты ұстау деген сөздер әлдеқайда әлсіз, бояусыз, бейтарап іс-әрекет атаулары болар еді, сондықтан бұлардың орнына мығымдап ұстау сөзі қатысқан, «сияз бар» десе, болыстың жүрегі жай лүпілдемейді - суылдайды т.б. Образ жасауға қатысқан бұл етістіктердің баршасы өткен шақ көсемше тұлғасында (барқылдап, қарқылдап...) қолданылған. Тегі, бұл тұлғаны белгілі бір стильдік жүкті көтеретін құрал есебінде жұмсау қазақ поэзиясында, оның ішінде Абайда әбден қалыптасқан амал деп санау керек. Абай өлеңнің «іші алтын, сырты күміс» болуын қалағанда, құлаққа әсерлі боп естілетін әсіре қызыл сөздерден аулақ болу принципін ұстайды. Сондықтан ол дәстүрлі эпитеттерді қолданудан гөрі соныларын іздейді. Мысалы, Абай бұрынғы әдеби мұраларда жиі қолданылған ару (сұлу, таза, пәк мағынасындағы), берен, берік, байтақ (хандық, ел.жұрт), ауыр, көп, күшті сияқты эпитеттерді мүлде қолданбаған. Қанша әдемі болса да дағдылы образдау (ару қыз, берен қылыш, ауыр жұрт, байтақ жұрт. б.)кез келген идеяға сай келе бермей, құр әсем жылтырақ тіркес болып шығуы мүмкін. Мұны Абайдың өзі де бірнеше рет ескертіп өтеді: бірде «сөзімнен әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз» десе, енді бірде «өлең деген - әр сөздің орайлы жарасымы» дейді. Қысқасы, өз өлеңі тілінің бұрынғыдан өзгеше, жаңа екенін ескертеді. Ол жаңалық - поэтикасында элементтердің кәнігі түрлерін қолдана бермейтіндігі. Сол сияқты халықтық символдарды немесе байырғы қазақ поэзиясы тіліндегі дәстүрлі сез-образдарды да талғаммен, кемде-кем алады. Мысалы, еркіндіктің образы тарлан, тарпаң сөздері Абайда жоқ, ал алғырлықтың дәстүрлі символы - қыран құс, бүркіт, биіктіктің символы - бәйтерек, тойымсыздықтың, қаскөйліктің образы-аш бөрі, ержүрек тіліктің символы - арыстан сөздерін Абай сөз -образ етіп емес, ездерінің тура номинативтік мағынасында жұмсаған, ал бұлан, бөкен сияқты сөз - образдау Абайда тек мақал-мәтел, тіркес құрамында келген. Дәстүрлі символдардан Абайда кездесетіні қызыл гүл - жастықты, сұлулықты, жолбарыс - қайраттылықты білдіретін образдау ғана. Поэтикасында үйреншікті қалыптардан қашуы - көне мұрадан мүлде бас тартуы емес, немесе қайткенде де жаңалыққа құмарлығы да емес, поэзияның жаңа талабын орындау мақсаты. Абай, әрине, қазақ поэзиясы тілінің бұрынғы амал-тәсілдерінің бәрінен мүлде бас тартқан жоқ. Ауыз әдебиетіндегі «қатуланды, қаттанды.., буырқанды, қылаң етіп, қылт етіп...» деген сияқты штамптарды олардың «жамандығынан» емес, шығармашылығының жанрлық сипатына сай келмегендіктен қолданбаған, өйткені бұлар батырлық жырларға тән, өзге орында, әсіресе лирикаға мүлде жанаспайтын образдар. Ал реті келген жерде, Мысалы, жоқтау топтамасындағы өлеңдерінде бұрынғы ауызша әдеби тілден келе жатқан образдарды - тұрақты тіркестерді кездестіруге болады. «Қолдан ұшқан ақ сұңқар Қайтып келіп қонбайды», «Артына қарай аһ ұрып». Тіпті өзге өлеңдерінде де Абай иіні келсе, бұрынғы стереотип образдаудан қашпайды. Мысалы, «Көріп алсаң бөріктіні, Таңдап алсаң тектіні». «Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды». Бірақ бұлар сан жағынан көп емес.

Ақын өзіне дейінгі ауызша әдеби тіл поэтизмдерінің көбін орынды пайдаланады. Мысалы, оның тіліндегі алаш (қауым), айдын (жасқану), азырқану (қомсыну, азсыну), ағын (екпін, қарқын), арай (қызыл арай - таң), арзу (тілек, арман), әз (құрметті), дидар (жүз), алқау (қолдау) сияқты сөздер семантикасында көтеріңкі реңк бар дәстүрлі поэтизмдер. Жалпы поэтикасында образдау жасауда бұрынғы дәстүрдің кейбір үлгілерін пайдалана отырып, ол образдардың беретін әсерін күшейте түсті. Ақын да образдардың көбін қазақ халқының сан ғасырлық күнкөріс тіршілігінің негізі - малға байланыстырып жасайды. Адал еңбексіз күнкөрісті жөн көретін замандастарының жағымсыз портретін: «Үш күн қолың босаса, Бола қалдың бас асау» немесе «Ұрлықпенен қулыққа Байлағанда кестің бау» деп жылқыға байланысты береді. Болыстың «Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап» деуі, «Тың тұяқ көзім сүйтсе де» дегені, «Алқыны күшті асау ноқтаға басы керілді» деуі мал өсіру тіршілігінен алынған, көпшілігі тіпті қазақ әдеби тіліне тән дәстүрлі образдар. «Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе», «Лай суға май бітпес қой еткенге», «Өмір жолы - тар соқпақ, бір иген жақ» деген образдау қазақтан езге, айталық, Еуропа халықтарына жат болар. Абай поэтикасында экспрессияның құралы ретінде фразеологизмдерді, оның ішінде ез қаламынан туған жаңаларын жұмсауды күшейтті. Ақын жас адамның (Әбдірахманның) өнер-білімге ұмтылғанын құр талаптанды, ұмтылды деп білдірсе, бұл сезердің поэтикасында бояуы «талаптың мініп тұлпарын» дегенмен мүлде шендесе алмас еді. Алғашқы вариантта тек баяндау бар, образ жоқ, екіншіде поэтикасында образ бар. Сол сияқты қуатты, қажырлы, күшті деген сездір мен «қуаты оттай бұрқырап» деген тіркестің бейнелілік күші, бояуы бірдей емес.