Көру төмпегі, таламус ( — көру төмпегі) - аралық мидың орталық бөлігін алып жатқан құрылым. Оң және сол көру төмпектері ми аралығы арқьлы бір-бірімен өзара жалғасып, үшінші ми қарыншасының (қуысы) бүйір қабырғасын жасай- ды. Көру төмпегі сезімтал нейроциттер денелері (перикариондар) құрайтын сұрзаттық орталықтардан (ядролардан) түзілген. Көру төмпегінің ядролары анализаторлардың сезімтал аралық орталықтары.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология