Өкпе ацинусы (ацинус легкого); (acinus pulmonis, — жидек, pulmo — өкпе) — бронхтар тарамының ең соңғы тармағы — терминалды бронхиоладан таралатын өкпенің бөлікшесі (өкпенің құрылымдық бірлігі). Өкпе ацинусын альвеолалық бронхиолалар, альвеолалық өзектер, альвеолалық қапшықтар, альвеолалар және олардағы қан, лимфа тамырлары құрайды. Өкпе ацинусында қан мен ауа арасында газ алмасу процесі жүреді.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Тыныс алу жүйесі