Гөр әмір кесенесі (өз. Go'ri Amir; парсы тілінен. گورِ امیر – «Әміре қабірі») — Самарқантағы Әмір Темір мазары (XV ғ.), Орта Азия архитектурасының ескерткіші. Әмір Темірдің бұйрығымен 1403—04 жылы Мұхаммед Сұлтан медресесінің оңтүстігін ала салынған. Гөр әмірдің ішкі жағы шаршыланып келген, әр қабырғасында терең текшелері (ниша) бар. Сырт көрінісі — сегіз қырлы. Негізгі кабырғаның үстіне үлкен барабан орнатқан. Араб жазуларымен, ою-өрнекпен әсемделген бұл барабанның үстінен алып күмбез орнаған. Күмбез бедерлері геометриялық өрнекпен безендірілген.

Мазардьщ ішкі өрнектері бояуларының байлығымен, ағаштағы, темірдегі оюларыньщ нақыштылығымен (есік, терезе) көз тартады. Гөр әмір мазарында Әмір Темірдің, оның екі үлы Шаһрух пен Мираншаһтың және немересі Үлықбектің қабірлері бар.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Дереккөздер

Санат:Тарих