Гаити, толық ресми атауы — Гаити Республикасы ( , ) — аттас аралдың батыс бөлігінде (шығыс бөлігінде Доминикан Республикасы орналасқан) және жағалық аралдарда орналасқан мемлекет. Астанасы — Порт-о-Пренс. Халық саны - 11 26 млн. адам (2019 жылы, оның ішінде шамамен 1 миллион адам шетелде тұрады, негізінен АҚШ-та).

Елдің атауы таино үндістердің тілінен «Таулы ел» деп аударылады. Гаити Республикасы 1804 жылы гаитяндық революциясының сәтті кезеңінде Франциядан тәуелсіздікті алды және Америкадағы АҚШ-тан кейінгі екінші тәуелсіз мемлекет болды және әлемде қара нәсілділер басқарған тұңғыш республика. Бұл — француз тілі басым Америкадағы жалғыз тәуелсіз мемлекет (тағы қ. француз тілді мемлекеттер).

Гаити — әлемдегі ең кедей және тұрақсыз елдердің бірі; Американың ең кедей, үнемі аштықтан, табиғи апаттардан және мемлекеттік төңкерістерден зардап шегетін мемлекет.

Географиясы Бедері мен гидрографиясы Шығыстан батысқа қарай елге тар жағалаулық жазықтармен шектелген қатты разрезделген тау тізбектері кесіп өтеді.

Дереккөздер

* Санат:БҰҰ мүше мемлекеттері