Зениттік жаңбырлар - Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардың тропиктерінде жауатын конвекциялық типті найзағайлы төкпе жаңбырлар. Шамамен, Күннің түс кезінде зениттің жанында тұрған уақытына сәйкес келеді. Экваторда Зениттік жаңбырлардың екі кезеңі - көктемдік және күздік, яғни күн мен түннің теңесуінің жаңбырлары байқалады. Экватордан алыстаған сайын Зениттік жаңбырлардың ұзақтығы азая түседі де, олардың кезеңдері жақындай отырып, тропиктер маңында жазғы жаңбырлы бір маусымға бірігеді.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

Дереккөздер

Санат:География және геодезия