Балықшы Тұрыш (1832 – 1929) – ишан, әулие атанған адам. Хиуада медресе бітіріп, елге келгеннен кейін мешіт ашып, бала оқытқан.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; Құран аударып, емшілік жасаған. Әсіресе жылан, қарақұрт шаққан адамдарды құран оқып, уын қайтара алатын қасиеті болған. Кезінде билікке де араласқан. Ел ішіндегі даулы мәселелерді шешуді,Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; бұзықтық жасаған адамдарға байланысты ақтық сөзді ишан айтқан. Ол қайтыс болар алдында: «Қайран халқымның басына нәубәт төніп тұр. Оны көріп қамыққанымша менің өлгенім артық» деген сөзін ашаршылық кезінде Маңғыстаудан қоныс аударған ағалардың аузынан жиі естілетін. Қазір Бейнеу ауданында ишан құрметіне аталған елді мекен бар. Адамдар аруақты атаның басына барып әрдайым зиярат жасап, түнеп шығады.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
Дереккөздер