Параллель аксонометрия - бұйымды және онымен байланысқан тікбұрышты координаталар жүйесін аксонометриялық проекциялар жазықтығына берілген бағытқа параллель проекциялаудың нәтижесінде алынады. Параллель аксонометрияны шығарып алу үшін М нүктесін, Oxyz тікбүрышты координаталар жүйесін және осьтер бағытындағы |ОЕx| = |ОЕy| = |OEz| өлшем бірліктерін қарастырайық (1-сурет). Аксонометриялық проекциялар жазықтығын (π' — жазықтығын) және проекциялау бағытын (s — түзуін) тандап алып, М нүктесін және координаталар жүйесін π'-қа 5 бағытында проекциялайды. Сонда жазықтықтағы O'x'y'z' аксонометриялық координаталар жүйесі алынады. |О'E'x| ≠ |О'E'y| ≠ |О'E'z| аксонометриялық өлшем бірліктері. М' — берілген М нүктесінің параллель аксонометриясы; М'2 — екінші проекңиясы. (М'x М2 ) || О'y' ; (М'2 M') || O'z'. Параллель аксонометрияда нүкте нүктеге, түзу түзуге кескінделеді. Параллель түзулердің аксонометриялары параллель болады және параллель кесінділердің қатынастары сақталады. М нүктесінің Oyz жазықтыгынан қашықтықтагы, яғни абсциссасы O'M' кесіндісімен, Oxz жазықтыгынан қашықтығы, ягни ординатасы Мx М'2., кесіндісімен және Оху жазықтыгынан қашықтығы, яғни аппликатасы М'2 М' кесіндісімен анықталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6

Дереккөздер

Санат:Техника Санат:Машина жасау