Отари Андреевич Гиголашвили (1932, Грузия – 1972) – хирург-дәрігер, Маңғыстау облысы ауруханасының алғаш іргетасын қалаушылардың бірі, Маңғыстау облысында Денсаулық сақтау ісінің үздік ұйымдастырушысы (2000). Ресейдегі Астрахан медициналық институтын бітірген (1957). Форт-Шевченко ауданы ауруханада бас дәрігер, хирург, 1964 – 1970 жылдары Ақтау қалалық атқару комитеті денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып, өлкеде хирургия саласының дамуына елеулі үлес қосқан. ҚР «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (1964).«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар