Нәжімеден Бақтығалиұлы Ғұбашов (1962 жылы туған, бұрынғы Гурьев облысы) — теміржолшы. Гурьев темір жолы техникумын (1982), Ташкент темір жол институтын бітірген (1991). 1984 жылдан темір жол саласында үзіліссіз еңбек етіп келеді. Еңбек жолын поездар қозғалысын реттеуші болып бастап, кейін поездарды құраушы, Атырау стациясының кезекшісі қызметтерін атқарды. 1987–1991 жылдары поезд диспетчері. 1996–2007 жол станция бастығының жедел жұмыс жүк және коммерциялық жұмыс жөніндегі орынбасары, 1-орынбасары, Маңғыстау және Өзен станцияларының бастығы қызметтерін атқарды. 2007 жылдан «Қазақ темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ-ның Маңғыстау темір жол бөлімінің директоры. Облыстық мәслихаттың депутаты.«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар