Бөлей Жөнақынұлы Демесінов (1943 жылы туған, Түрікменстан, Мары облысы) – селекционер-ғалым, биология ғылымдарының докторы (1984), профессор (1985]), Түрікмен ауыл шаруашылығы ғылым академиясының корреспондент мүшесі.

Башқортостандағы Уфа ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1968).

Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – шөл-шөлейтті жерлерде мал тұқымының өнімділігін арттыру. Оның үлкен бір зерттеу нысаны – Маңғыстау өлкесінде асыл тұқымды Ахалтеке жылқыларын жергілікті Адай жылқысымен будандастырып, сапалы тұқым алу; елтірісі бағалы қаракөл қойын осы өңірде өсіріп, жерсіндіру. Демесіновтің осы мәселелер жөніндегі бағалы ұсыныстары мен ғылыми жаңалықтары Маңғыстау облысы мал шаруашылығында, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ мал тұқымын асылдандыру жөніндегі тәжірибелері ТМД елдерінде кеңінен қолданылады.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997

Дереккөздер

Санат:1943 жылы туғандар Санат:Мары облысында туғандар Санат:Қазақстан селекционерлері Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Түрікмен ауыл шаруашылығы ғылым академиясының корреспондент-мүшелері Санат:Уфа ауыл шаруашылығы институты түлектері