Сенсорлық ажыратыпқосқыш ( — сезу) — арнайы сезімтал (сенсорлык) ауданға оператордың саусағы тигенде іске қосылатын түйіспесіз ажыратып-қосқыш. Сенсорлық ажыратыпқосқыш, оптоэлектрондық және басқа аспаптар негізінде жасалады.

Сенсорлық ажыратыпқосқыш ақпаратты енгізу құрылғыларында, радиоэлектрондық аппаратурада, тұрмыс қажетін өтеу құрылғыларында (мысалы, кір жуу машинасында, АЖЖ пештерінде) қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника