Кәдірбай Сафиев(1920, Түпқараған ауданы Ащымұрын қыстауы – 1996) – соғыс және еңбек ардагері, ауыл шаруашылығы саласының қызметкері. Атырау қаласындағы ауыл шаруашылық техникумын бітірген (1962). Еңбек жолын мұғалім болып бастап, 1942 – 44 жылы Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1959 – 85 жылы ұжымшар басқармасының төрағасы, кеңшар, партия комитетінің хатшысы, ферма меңгерушісі болды. КСРО ордендерімен және медальдарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:1920 жылы туғандар