Өсербай Сәрсенбайұлы(1834, Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы – 1932) – болыс. 1873, 1881 жылы Хиуа, Ахал-Теке жорықтарына қатысып, елден ат, түйе жинап берді. Сол үшін Ресей үкіметінің күміс, алтын медальдарымен марапатталған. Қырық жылдай болыс болған. 1900 жылы Маңғыстауды зерттеген Г.Насибьянец экспед-на қол ұшын берген. Туысы – Қашаған Күржіманұлы қайтыс болғанда ақынды қолынан жерлеп, басына ескерткіш тұрғызады. Сәрсенбайұлының ел алдындағы беделімен санасқан кеңес өкіметі оны қудаламаған. Бейіті Қырықкез қауымында.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:1834 жылы туғандар