Әзен Мәткеров (1935 жылы туған, қазіргі Түпқараған ауданы Ақ¬шұқыр ауылы) – педагог. Гурьев педагогика институтын (қазіргі Атырау университеті) (1956), Қызылорда педагогика институтын бітірген. 1958 – 1965 жылдары Ленин, Э.Тельман атындағы сегіз жылдық мектепте, 1978 – 2001 жылдары М.Әбдіхалықов атындағы орта мектепте директор болды. Мәткеров басқарған Ақшұқырдағы М.Әбдіхалықов атындағы мектеп ауыл мектептері республикалық байқауының 2 мәрте жеңімпазы болды. Мәткеров Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісінің иегері.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер

Санат:Тұлғалар