Мұнар, құрғақ тұман - ауада қалқыған қатты бөлшектердің көп болуынан атмосфераның төменгі қабатының бүлыңғыр тартуы. Мұнар кезінде көрінімділік 1 км-ден жүздеген немесе ондаған метрге дейін төмеидейді. Көбінесе дала мен шөл зонасына тән; кейде орман және шымтезек өрті кезінде, жанартау атқылағанда пайда болады. Ауаның антропогендік ластануына байланысты мұнар жиі болып тұрады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:География және геодезия