Атыспен қолдау (Огневая поддержка) — қарсыластарды артиллерияның шоғырланған атысымен және авиация соққысымен жүйелі түрде басу және жою. Ядролық қаруды колданбайтын шайқаста атыспен қолдау түйдектете ату арқылы, ал тереңдегі шайқаста қарсыласты артиллерияның шоғырланған атысы және авиация толқыны арқылы жүйелі түрде басып, жою аркылы жүргізіледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс