Түрікменбай ҚошановМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; (1937 жылы туған, бұрынғы Гурьев облысының Жылыой ауданы) – теміржолшы. Ақтөбе темір жол техникумын бітірген (1973). 1964 – 73 жылдары Опорный темір жол станциясында, Опорный байланыс үйінде электрмонтер, электрмеханик, аға электрмеханик болды. 1973 – 91 жылдары Опорный темір жол станциясында бастауыш партия ұйымының хатшысы болып сайланған. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) мерекелік медалімен марапатталған. Социалистік жарыстың жеңімпазы (1977, 1997). «Құрметті теміржолшы» (1993) атанған. Дереккөздер
Санат:Маңғыстау облысы тұлғалары
Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері