Астронавигациялық жүйе (Астронавигационная система) — ұшуды басқарудың автономды жүйесі. Онда ракетаның жер үстіндегі орнын және басқару командаларында өз координаталарын өзгертуін (есептеу-шешу құрылғылары көмегімен) анықтау үшін астрономиялық аспаптар қолданылады. Аспан денелерін бақылаудың қолданылатын құралдарына байланысты астронавигациялық жүйе көзбен бақылайтын, фото-электрлік және инфрақызыл жүйелер болып бөлінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс