Қызуға беріктікРахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2 (Жаропрочность) — металл бұйымдар мен конструкциялардың жоғары температурада механикалық жүктемелерден өз пішінін бұзбай сақтау қасиеті, сондай-ақ металл қорытпалардың жоғары температураға беріктігі. Бұл қасиеттер термиялық өңдеу операциялары нәтижесінде арта түседі. Қызуға берік корытпаларды радиоактивтік және іштен жанатын қозғалтқыштардың, бу немесе газбен жүретін турбиналардың тетіктерін жасауға пайдаланады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6

Дереккөздер

Санат:Техника Санат:Машина жасау Санат:Материалдар механикасы терминдері