Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі — қорғаныс саласында басшылықты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уәкілетті орган.
Тарихы 1991 жылы 25 қазанда Президент Жарлығымен Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды.Об обpазовании Госудаpственного комитета обоpоны Казахской ССР 1992 жылы 7 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды."Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы" ҚР Президентінің 1992 ж. 7 мамырдағы № 738 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1992, № 18, 279-бап).
Міндеттері 1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізу;
2) Қарулы Күштерді әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыру;
3) агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарулы қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, әуе кеңістігін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін және жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз ету.Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазіргі басшылығы нобай|оңға|Қорғаныс министрінің байрағы
Айдос Мырзахметов — генерал-майор, Қорғаныс министрі Айтқұрман Омарбеков — генерал-майор, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қарулы Күштер Бас штабының бастығы (2026 жылдан бастап) Дәулет Бекманов — Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары (2026 жылдан бастап) Шайх-Хасан Жазықбаев — генерал-майор, Қорғаныс министрінің қару-жарақ және әскери техника жөніндегі орынбасары (2024 жылдан бастап) Асқар Мұстабеков — генерал-майор, Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары (2026 жылдан бастап) Татьяна Савельева — Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары (2026 жылдан бастап) Қайрат Садықов — генерал-майор, Қорғаныс министрінің орынбасары — Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы (2025 жылдан бастап) бос орын — генерал-майор, Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары (2026 жылдан бастап)Құрылым
Министрлік ведомстволары Министрліктің бейбіт уақыттағы ведомствосы – Қарулы Күштердің Бас штабы.
Министрліктің аумақтық бөлімшелері Астана, Алматы, Шымкент қалалық және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттер Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармалар Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер
Қарулы күштер Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері тылы бастығының басқармасы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы
Өңірлік қолбасшылық "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы
Қарамағындағы ұйымдар және мемлекеттік мекемелер "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" АҚ "Қазақстан ГАЖ орталығы" АҚ "Әскери құрылыс" АҚ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті ‒ Орталық спорт клубы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Санитариялық-эпидемиологиялық орталығы Талдау және болжау орталығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-ғарыштық бағдарламалар орталығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдіктер орталығы Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Парашюттік даярлық орталығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Орталық әскери-дәрігерлік комиссия
Әскери оқу орындары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледж Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж Әскери-техникалық мектеп Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық "Жас ұлан" мектебі Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық "Жас ұлан" мектебіҚазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары
Әскери медициналық мекемелер Бас әскери емхана Орталық әскери емхана Әскери клиникалық госпиталь Әскери-теңіз госпиталі, Ақтау қаласы Әскери госпиталь, Ақтөбе қаласы Әскери госпиталь, Аягөз қаласы Әскери госпиталь, Семей қаласы Әскери госпиталь, Талдықорған қаласы Әскери госпиталь, Тараз қаласы Әскери лазарет, Қарағанды қаласы Әскери лазарет, Өскемен қаласы Әскери лазарет, Сарыөзек кенті Әскери лазарет, Үшарал қаласы
Министрлер тізімі №СуретіАты-жөні Қызметі Әскер түріҮкімет басшысыМемлекеттік қорғаныс комитеті (1991–1992)199pxСағадат Нұрмағамбетовқазан1991мамыр199220px Құрлық әскерлеріТерещенкоҚорғаныс министрлігі (1992–)199pxСағадат Нұрмағамбетовмамыр1992қараша199520px Құрлық әскерлеріТерещенкоҚажыгелдин299pxӘлібек Қасымов16 қазан199530 қазан199620px Құрлық әскерлеріҚажыгелдин399pxМұхтар Алтынбаев30 қазан19969 тамыз199920px Әуе қорғаныс күштеріҚажыгелдинБалғымбаев499pxСәт Тоқпақбаев13 тамыз19998 желтоқсан2001 Ұлттық қауіпсіздік комитетіБалғымбаевТоқаев599pxМұхтар Алтынбаев8 желтоқсан20018 қаңтар200720px Әуе қорғаныс күштеріТоқаевТасмағамбетовДаниал Ахметов699pxДаниал Ахметов10 қаңтар200717 маусым2009Әскерде қызмет етпегенМәсімов I799pxӘділбек Жақсыбеков24 маусым20092 сәуір201420px Кеңестік армияМәсімов IСерік Ахметов899pxСерік Ахметов3 сәуір201422 қазан201420px Кеңестік армияМәсімов II999pxИманғали Тасмағамбетов22 қазан201413 қыркүйек201620px Кеңестік армияМәсімов II1099pxСәкен Жасұзақов13 қыркүйек20167 тамыз201820px Құрлық әскерлеріСағынтаев1199pxНұрлан Ермекбаев7 тамыз201831 тамыз202120px Құрлық әскерлеріСағынтаевМамин I1299pxМұрат Бектанов31 тамыз202119 қаңтар202220px Құрлық әскерлеріМамин IМамин II1399pxРуслан Жақсылықов19 қаңтар20228 маусым2025 Қарулы КүштерСмайылов IСмайылов IIБектенов I1499pxДәурен Қосанов8 маусым202527 қыркүйек2026 Әуе қорғаныс күштеріБектенов IБектенов II1599pxАйдос Мырзахметов27 қыркүйек2026Арнайы операциялар күштеріБектенов II
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Республикасының министрліктері