Екі партиялық жүйе - басым көпшілігінде англо-саксондық елдерде кең өріс алған, екі партиялық ұйымның алма-кезек жоғары билікте бірін-бірі алмастыруы. Мұндай жүйелерде басқа партияларға тыйым салынбайды, бірақ тек екеуі ғана билікке келуге қабілетті. Бипартизм тікелей дауыс беру арқылы сайланатын екі партияның біреуіне өзінен-өзі парламенттегі басым орынды иемденуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде парламенттік басқару тәртібінде үкіметтің тұрақтылығын кепілдендіріп, мемлекеттің "басқармалығын" арттырады.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Тағы қараңыз Партиялық жүйе
Дереккөздер
Санат:Саясат Санат:Саяси жүйелер