Торқаның төрткілі – жер атауы. Ол Ақбота Қозыбай байдың ұлдан кейін көрген кенжесі Торқа сұлудың атына қойылған көрікті жер аты. Қозыбай қызын ұзатарда құда жағына екі шарт қойыпты: қызына қалыңмал алмайды, оның орнына құда жағында кірме болып жүрген Серім деген жігітті киімді бала етіп алады. Екінші шарты бойынша: қызының беті бұрын адам аяғы баспаған таза көрікті жерде ашылып, тойы да сол жерде өтуі керек депті. Құда жағы екі шартты да қабылдап, соңғысы бойынша Торқа келін болып түсіп, тойы өткен әсем жер осыдан былай қарай Торқаның төрткілі аталып кеткен.«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001;

Дереккөздер