Ислам Мырзабекұлы (1945 жылы туған, Түрікменстан, Ташауыз облысы Ақтөбе ауданы) – педагог. Қарақалпақ мемлекеттік педагогика институтын бітірген (1967). 1967 – 1973 жылдары Ақтөбе ауданында мұғалім, 1973 – 1982 жылдары Қоңырат ауданы мектептерінде директорлық қызмет атқарған. 1982 – 1992 жылдары Маңғыстау облысы Бейнеу ауданына қоныс аударып, Бейнеу ауданы мектептерінде мұғалім, мәдениет үйінің директоры, ауданы оқу бөлімінің инспекторы, 1996 жылдан Ақмешітте имам. Бекет ата туралы шыққан бірнеше кітаптың авторы.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
Дереккөздер
Санат:Діни қайраткерлер
Санат:1945 жылы туғандар