Тұрашев Ақжайық Сейітқожанұлы (1960 жылы туған, Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылы) – ғалым, техника ғылымдарының кандидаты (2002), философия ғылым докторы (2006), профессор (2006). Алматы құрылыс техникумын (1980), Қарағанды политехникалық институтын (1991) бітірген. 1978 – 1980 жылдары Құрылыс тресінде жұмысшы, бригадир, прораб, өндіріс бастығы қызметтерінде жұмыс жасады. 1991 жылдан бастап АқтМУ-да оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, оқу бөлімінің, оқу басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2006 жылдан инженер-техникалық институтының директоры. 30-дан астам ғылыми жұмыстардың және 14-тен астам оқу-әдістемелік құралдарының авторы.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер