Географиялық зерттеу әдістері: Қазіргі физикалық география әдістері: Картографиялық және картометриялық зерттеу әдістері. Табиғи аумақтық кешеннің (ТАК) кеңістіктік-уақыттық құрылымын зерттеу; ресурстық әлеуетті бағалау; ТАК шаруашылықта пайдалану мүмкіншіліктері мен шектеуліктерін зерттеу; ТАК жағдайын ландшафттық-экологиялық бағалау және даму болжамы; мәдени ландшафтық және т.б. жобалау. Экспедициялық әдістер. Қолданбалы кешенді физикалық-географиялық зерттеулер.
Экономикалық-географялық зерттеулер Кеңістіктік-уақыттық талдау – экономикалық-географиялық зерттеулердің негізгі қағидаларының бірі ретінде. Математикалық зерттеу әдісі Визуалды бақылау
жалпы ғылыми тұрғылар мен әдістерді (тарихи, экологиялық, модельдеу, математикалық, жүйелік, тағы да басқалары); нақты ғылыми тұрғылар мен әдістерді (физикалық географияда — геохимиялық, геофизикалық, палеогеографиялық және тағы да басқалары әдістер; әлеуметтік-экономикалық географияда — экономикалық-статистикалық, техникалык-экономикалық, социологиялық және тағы да басқалары); ақпарат алудың жұмыс тәсілдері мен операцияларын (баланстық әдістер, дистанциялық әдістер; зертханалық әдістер, мысалы, споралық-шаңдық талдау, радиокөміртекті әдіс, сауалдама жүргізу, іріктеме әдіс, тағы да басқалары); ақпаратты тәжірибелік және теориялық қорытудың әдістерін (индикациялық, бағалау, ұқсастық, жіктеу, тағы да басқалары); алынған ақпаратты өңдеу әдістері мен техникалық тәсілдерін (перфокарталардың, электрондық есептеу техникасы арқылы, тағы да басқалары) қамтитын жүйе.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:География және геодезия