Утас – Маңғыстау ауданындағы құдықтар. Ақтау – Бейнеу т. ж. бойында, Елегажы құдығының батысында 27 км жерде орналасқан. Солтүстік Үстірттің Қызылсай аттас кемерлі шың етегінде бұл құдықтардың (жалпы саны 6) суы тұщы болған. Утас құдықтарының орташа тереңдігі 6 сажынды (12,78 м) құрайды.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:Қазақстан құдықтары