Гомотермия — суқойманың (көлдің, бөгеннің) немесе ағын сулардың (өзендердің) барлық қабатындағы температурасының және соған сәйкес тығыздығының бірдейлігі. Өзендерде Гомотермия құбылысы үнемі байқалып тұрады. Көлдерде Гомотермия күзде тура термиялық стратификациядан кейін (күздік Гомотермия), көктемде - кері термиялық стратификацияның бұзылуынан кейін ; (көктемгі Гомотермия) және жазда — таяз сулы, жел өтіндегі суқоймаларда айқындалады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:География және геодезия