Реңк мәнді жұрнақтар орыс. суффиксы субъективной оценки — бұлар негізінде зат есімдерге тән, сезімдік, мәнерлік- бейнелік реңктері бар зат есім тұлғаларын жасайтын жұрнақтар. Олар сөздің лексикалық мағынасын сақтай отырып, сөйлеушінің ішкі сезімінен туатын еркелету, кішірейту, құрметтеу, келемеждеу, жек көру және мәнерлеп-бейнелеп айту реңктерін білдіреді. Мысалы: -шақ/-шек (құлыншақ, інішек), -қай(балақай), -тай (әкетай, қалқатай), -еке, -қа/-ке (Мырзеке, Мща, Сәке, әпке), -жан (Еркежан, ағажан), -еш (сәулеш, бикеш), -сымақ (жігітсымақ, ақынсымақ), -шыкеш (кушыкеіи), -шық/-шік (үйшік, текешік).Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.

«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

Дереккөздер

Санат:Лингвистика