Ілініс (Зацепление) — шығыңқылықтары өзара бірізді жанасуы арқылы бір буыннан екінші буынға белгілі қозғалыс беретін буындылардың өзара байланысуы. Түрлері Бұрамдықты ілінісі (Зацепление червячное) — бұрамдық орамы мен бұрамдық доңғалағы тістерінің ілінісуі. Caғат ілініс (Зацепление часовое) — тістерінің түбірі тік циклоидиті ілініске жақын ілініс. Сыртқы ілініс (Зацепление внешнее) — қозғалмалы бөлшектердің сыртқы бетіндегі шығыңқы жерімен (тістер, бүрандалар және т.б.) ілінісуі. Төрткілдешті ілініс (Зацепление реечное) — тістері өзара бірізді жанасуы арқылы бір буыннан екінші буынға белгілі козғалыс беретін тісті доңғалақ пен төрткілдештің өзара байланысуы. Циклоидалды ілініс (Зацепление циклоидальное) — тістерінің пішіні циклоидты қисықтар (эпициклоидтар жөне гипоциклоидтар) бойынша сызылған тісті ілініс. Ӏшкі ілініс (Зацепление внутреннее) — қозғалмалы бөлшектердің ішкі бетіндегі шығыңқы жерімен (тістер, бұрандалар жөне т.б.) ілінісуі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6

Дереккөздер

Санат:Техника Санат:Құрылыс