Ракетаны радиолокациялық карта бойынша бағыттау (Наведение ракет по радиолокационной карте) — ракетада орналаскан арнайы радиоэлектронды қондырғының көмегімен қанатты ракеталарды қозғалыстың соңғы бөлігінде нысанаға дербес бағыттау тәсілі. Ракетаны радиолокациялық карта бойынша бағыттау жергілікті жердің радиолокациялық картасы бойынша берілген бағдарларды (жолдар, өзен, көлдер, т.б.) ракетада орналасқан радиолокациялық станция индикаторы экранында көрінетін бағдармен салыстыруға негізделеді. Сәйкес келетін радиолокациялық картаны ракетаны басқарудың кемелері жүйесіне орналастыру берілген нысанаға әсер етуге икемделеді. Ракета ұшуға жіберілгеннен кейін арнайы механизм белгілі бір уақыт аралығында картаны жылжытып отырады. Сонымен бір уақытта ракета станциясы жердің үстін қарай отырып, оның бейнесін алдын ала түсірілген радиолокациялық картамен салыстырады. Бұл радиолокациялық карта, мысалы, фотоэлементтерден тұратын мозайканың көмегімен жасалады. Ол сигналдар шығара алады және оны ракетаның автоұшқышы басқарып отырады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс