Саптық байқау — саптық жарғы талаптарына сәйкес жүргізілетін бөлімнің (кеменің, бөлімшенің) жеке құрамының байқауы.
Саптық байқау әскери қызметшілердің саптық машығы мен саптық жарғы ережелерін меңгеруін тексеру мақсатында жүргізіледі. Саптық байқауда, сондай-ақ, әскери қызметшілердің сыртқы түрі, жабдықталу жағдайы, қаружарағы, соғыс және басқа техникасы тексеріледі.
Әрбір саптық байкау бөлімнің (кеменің, бөлімшенің) жеке құрамының салтанатты шерумен әтуімен аяқталады. Саптық байқауды тікелей бастықтар немесе инспектәрлық тексеру жүргізуге тағайындалған адамдар жүргізеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс