Салидат Зекенқызы Қайырбекова (1961 жыл 1 тамыз, Қарағанды облысы — 2016 жыл 3 шілде, Астана) — мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Денсаулық сақтау министрі.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Өмірбаяны Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан..

1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

2002 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2001–2006 жылдары – Қазақ мемлекеттік медицина академиясының қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды басқару кафедрасының ізденушісі.

1984–1998 жылдары Қарағанды облысының медицина ұйымдарында дәрігер-невропатолог, Қарағанды көп бағдарлы емдеу-диагностикалық бірлестігі бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істеді.

1998–2001 жылдары – Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Қарағанды облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының № 5 медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының төрайымы.

2001–2004 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті директорының орынбасары, Министрліктің Аппарат басшысы қызметін атқарды.

2004–2006 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина академиясының проректоры болды.

2006–2008 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, бас инспекторы, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.

2008 жылғы 4-желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің төрайымы.

2009 жылғы 5-қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрайымы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2010 жылғы 23 сәуірінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік – экономиялық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін 2009 жылында Қазақстан Республикасы мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2010 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

2014 жылдың тамызынан - 2015 жылғы 9 қазанға дейін - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі.Салидат Қайырбекова Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен кетті 2015 жылғы 13 қазанда Салидат Қайырбекова «Ұлттық медицина холдингі» АҚ басқарма төрайымы қызметіне тағайындалды.Салидат Қайырбекова Ұлттық медицина холдингін басқарды Медицина ғылымдарының докторы.

Дереккөздер

Санат:Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы түлектері Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті түлектері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан денсаулық сақтау министрлері Санат:Инсульттан қайтыс болғандар