Үңірек — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Шет ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Үңірек өзенiнің бойында, Бұғылы тауының етегiнде, аудан орталығы – Ақсу-Аюлының солтүстік-батысында 51 км, Қарағанды қаласының оңтүстігінде 180 км-дей жерде орналасқан.

Тарихы Іргесі 1932 жылы Нұраталды кеңшарынан бөлініп, қаланған. 1960-90 жылдары Шет атындағы кеңшардың және ауылдық кеңестiң орталығы болды. Шаруашылықтың мамандандырылған негiзгi бағыттары – мал шаруашылығы, қосымша саласы–сүттi iрi қара өсiру. Жерiнiң жалпы ауданы 147 мың га. Кеңшар негiзiнде 107 шаруа қожалығы құрылған (2006).

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен853541 407 75,2 280 215 76,8 261 192 73,6

Инфрақұрылымы Округтің елді мекендерінде (Үңірек, Қармыс, Құттыбай, Тұмсық ауылдары) 4 мектеп, пошта, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, кiтапхана бар. Ауыл басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын - Сәкен Сейфуллин темір жол бекеті 12 км жерде. (Қатпар кен орны бар).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы елді мекендері