Таупық Рымжанов — 1937 жылы 21 шілдеде қазіргі Шығыс Қазақстан облысына қарасты Абыралы ауданының Дегелең ауылында туған. Арғын тайпасының Қаракесек руының Жалықбас бұтағынан шыққан.«Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017
1962 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, Аягөз, Жаңасемей аудандарындағы орта мектептерде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор болған. 1976 жылдан Петропавловка селосындағы орта мектепте ұстаз. «Өткелдер» атты тұңғыш әңгімесі 1965 жылы облыстық «Семей таңы» газетінде жарық көрді. Балалар әдебиеті саласында қалам тартып келеді. Бородулиха ауданының Құрметті азаматы.
Шығармалары Құбажон. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1984 Зәйтүнқарлығаштың ерлі гі. Ертегі-повесть. А., «Жалын», 1984 Өлместің жүлдызы. Ертегі-повесть. А., «Өнер», 1994 Алтын ара. Ертегі -повесть (дилогия). А., «Балауса», 1995 Жалықпас шежіресі. (Ядролық поли-гонға айналған Дегелең жеріндегі байырғы тұрғындардың шежіресі.) А., «Әл-Фараби», 1997 Гүл ағашы. Ертегі-повесть. Астана, «Көкше», 1999 Қарабек, Жөш -Жамал және шайтандар. Ертегі, повесть. 2003Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан жазушылары