Ордабасы — Қазақстандық кәсіби футбол клубы, Шымкент қаласынан. 1976 жылы Мелиоратор футбол клубы ретінде пайда болғанКлуб, Қазақстан Премьер Лигасында ойнайды. Қазақстан Премьер Лигасының чемпионы (2023), екі дүркін Қазақстан Кубогының иегері (2011, 2022), Қазақстан Суперкубогының иегері (2012). Ойындарды Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткізеді. Клубтың негізгі формасы ақ, сыртқы формасы көк болып табылады.
Клубтың тарихы мен жетістіктері «Мелиоратор» 1976 жылдың күзінде Шымкент гидромелиоративтік-құрылыс техникумының студенттері, оқытушылары мен қызметкерлерінен құралған команда болып ашылды. Сол жылы команда Шымкент облысының спорттық еріктілер қоғамының чемпионы атанып, өтпелі турнирде жеңіске жетті. Нәтижесінде, 1977 жылы қала біріншілігіне қатысу құқына ие болды. Қалалық біріншілікте «Мелиоратор» үлкен жетістікке жетіп, чемпион атанды. Дәл сол жылы облыс чемпионы атанды.Клуб
Ал 1980 жылы «Мелиоратор» Қазақ КСР чемпионы атанып, КСРО чемпионатына қатысуға жолдама алды.
2000 жылғы маусым ортасында "Жігер" мен "Томирис" клубтарының қосылуымен "Достық" деген атпен пайда болды. 2003 жылы "Ордабасы" болып өзгертілді.
Көбіне жоғары лигада ойнап келеді, 2011 жылы тұңғыш рет Қазақстан кубогын, келесі жылы Қазақстан суперкубогын ұтып алды. Осы жетістіктері 2012-13 жылғы Еуропа Лигасына қатысуға мүмкіндік берді. Бірақ бірінші іріктеу кезеңінде "Русенборгтан" жеңіліп қалды. Сыртта 2:2 есебімен тең ойнады да, өз алаңында соңғы секундтарда гол жіберіп, 1:2 есебімен жеңілді.
2017 жылы Қазақстан суперлигасының қола жүлдегері атанды. 2022 жылы екінші рет Қазақстан кубогын иегері болды. 2023 жылы алғашқы рет Қазақстан Премьер Лигасының чемпионы атанды.
Жетістіктері Қазақстан Кубогының Жеңімпазы : 2011 Қазақстан Кубогының Финалисты : 2007 Қазақстан Суперкубогының Жеңімпазы : 2012 Қазақстан Премьер Лигасының Чемпионы: 2023
Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты 2001 — 5:0 («Екібастұз», Екібастұз) 2004 — 5:0 («Ақжайық», Орал) 2009 — 5:0 («Тараз», Тараз) 2012 — 5:0 («Ақжайық», Орал) 2025 — 7:1 («Оқжетпес», Көкшетау)
Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты 2000 — 0:5 («Кайсар-Hurricane», Қызылорда) 2001 — 0:5 («Есіл-Богатырь», Петропавл) 2001 — 0:5 («Атырау», Атырау)
Еурокубоктар 2024 жыл, қыркүйек ЖарысОйындарЖТҰСДЖДҚ%Ұ УЕФА Чемпиондар Лигасы201101-10 % УЕФА Еуропа Лигасы153661520-520 % УЕФА Конференция Лигасы6114811-316 %Барлығы2348112332-917 % Маусым Турнир Раунд Ел Клуб ҮйдеСыртта Қорытынды 2012/13 УЕФА Еуропа Лигасы1Q СербияЯгодина0-01-01-02Q НорвегияРусенборг1-22-23-42015/16 УЕФА Еуропа Лигасы1Q ИзраильБейтар0-01-21-22016/17 УЕФА Еуропа Лигасы1Q СербияЧукарички3-30-33-62017/18 УЕФА Еуропа Лигасы1Q Босния және ГерцеговинаШироки Бриег0-00-20-2 2019/20 УЕФА Еуропа Лигасы1Q ГрузияТорпедо Кутаиси1-02-03-02Q ЧехияМлада Болеслав2-31-13-42020/21 УЕФА Еуропа Лигасы1Q РумынияБотошани1-21-22023/24 УЕФА Конференция Лигасы2Q ПольшаЛегия2-22-34-5ЧЛ 2024/25КЛ 2024/25 УЕФА Чемпиондар Лигасы1Q МолдоваПетрокуб0-00-10-1 УЕФА Конференция Лигасы2Q ЛюксембургДифферданж 034-30-14-4 (4:3 п)3Q АрменияПюник0-10-10-2
Әкімшілік және жаттықтырушылар штабы
Дархан Қызайбаев — Президент Андрей Мартин — Бас жаттықтырушы Қайрат Әшірбеков — Спорттық директор Олег Олегович Недашковский — Бас жаттықтырушының көмекшісі Ромикэ Дорин — Жаттықтырушы Виктор Васильевич Ульяницкий — Жаттықтырушының көмекшісі Игорь Зайцев — Аналитик жаттықтырушы Луиш Альберту да Сильва — физикалық дайындық бойынша жаттықтырушы Ербол Сәбденов — Дәрігер Қайратәлі Күнходжаев — Физиотерапевт Сейіл Қожатай — Медиа-офицер
Ойыншылар
Негізгі құрам 2026 жыл, тамызhttps://fcordabasy.kz/players №ФутболшыТуған күні1 Бекхан Шайзада28.02.199813 Қажымұқан Төлепберген21.04.200424 Аян Абдухалық15.05.2004№ҚорғаушыларТуған күні14 Әли Тұрғанов15.02.200455 Алекса Аманович24.10.19963 Ги-Марселин Килама30.05.19995 Никола Антич04.01.199422 Сұлтанбек Астанов23.03.19998 Ұлар Жақсыбаев20.10.199425 Сергей Малый05.06.1990№Жартылай қорғаушыларТуған күні21 Біржан Тоқтыбай28.04.200410 Елхан Астанов21.05.200011 Юрий Вакулко10.11.199716 Михай Капацина16.12.199523 Муроджон Халматов20.07.200317 Зикрилло Султаниязов15.10.200377 Давид Абагна9.09.1998№ШабуылшыларТуған күні19 Лео Натель14.03.199720 Мағжан Тоқтыбай28.04.20047 Владислав Наумец07.03.199945 Димитар Митков27.01.200015 Жасұлан Әмір26.12.20069 Эвертон Мораис12.05.2002
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ресми сайты RIXOS KHADISHA - Ордабасы футбол клубының негізгі серіктестігі болып табылады. Онын алдынды TAU компаниясымен серіктес еді.
Санат:Ордабасы ФК Санат:Қазақстан футбол клубтары Санат:Шымкент спорт клубтары Санат:Шымкент футбол клубтары Санат:2000 жылы құрылған футбол клубтары