Тұрақты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады. (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж.)

Тарихы Жаңа өркениеттің басым құндылықтарының біріне «орнықты даму» концепциясы жатады. Ең алдымен, орнықты даму концепциясын адамзат тарихында алғашқы рет Рим клубының өкілдерінің тұжырымдап бергенін еске алған жөн. Рим клубының он баяндамаларында → он баяндамасында қазіргі экологиялық жағдайды талдау негізінде Батыс өркениетінің ғылыми-техникалық экспансиясының нәтижесінен туындаған қазіргі әлемнің жүйелік дағдарысы туралы қорытынды жасалды. «Қазір, — деп жазады Ф. Сен-Мара, — біз, табиғи кеңістіктің жетіспеуінен және өлсіздігінен → өңсіздігінен болашақ адамзаттың өмір сүру қауіпсіздігін пайымдау арқылы түсінілген» табиғат ғасырына — «жаңа заманға аяқ бастық» (Сен-Мара Ф. Социализация природы. — М., 1977. — С. 54). Рим клубының бірінші баяндамасының авторлары бойынша, өркениеттілік дағдарыс шекті кеңістікте экспоненциалдық дамудан туындайды. Егер өткен ғасырларда ғылыми-техникалық прогресс индустриалдық қоғамды дамыту арқылы адамзат алдында тұрған қиындықтар мен мәселелерді шешуге себебін тигізсе, онда бұл күндерді прогрестің өзі адамзат үшін қауіп төңдіріп → төндіріп түр → тұр.

Алғашқы баяндамаларда адамзат дамуының болашағы жөнінде пессимистік сарындар басым болса («даму шектері», «нөлдік даму», «болашақтық шок»), кейін қазіргі адамзат дамуды-дағы → дамудығы бағыттарды өзгертетін кең көлемді бағдарламалар түйінделді (Нэсбит Д. және Эбурдин П. Мегатенденциялар. 2000 жыл. Бізді 90- шы жылдары не күтеді? — Москва, 1982). Осы және басқа да еңбектерде адамзаттың «бүкілғаламдық → бүкіл ғаламдық тепе-теңдік» пен «орнықты дамуға» қол жеткізе алатындығы дәлелденді. Бұл тек қана өндірісті жаппай дамытумен шектелмейтін, адамдық дамуды алдыңғы қатарға шығаратын және жер бетінде өмір сүретін барлық адамдардың негізгі талап-мұқтаждықтары мен құндылықтары өтелетін, әркім өзінің тұлғалық адами мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын (Д. Медоуз) өркениеттілік қалыптасып келе жатқандығын білдіреді. Осындай орнықты және тұрақты, үйлесімді дамуды жүзеге асыру үшін қажет мөлшердегі ауылшаруашылық → ауыл шаруашылықөнімдерін өндіре алатын, жан басына шаққандағы ресурстарды қамтамасыз ететін минималдық → минималдыдеңгейінен аспайтын даму және демографиялық шектерді анықтау қажет. Орнықты даму концепциясының жаңа мыңжылдықтың табалдырығындағы → табалдырығындағы қазіргі адамзат болмысының өзекті мәселесі екендігі 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта мен орнықты даму жөніндегі халықаралық конференцияда аталып өтті. Осы жиын қабылдаған Декларациядан үзінділер келтірейік:

1 - қағида «Адам жөнінде қамдану орнықты дамуды жүзеге асырудағы әрекеттерде орталық орын алады. Адамдардың табиғатпен үйлесімді, салауатты, жасампаз өмір сүруге құқығы бар...»

2 - қағида «Даму құқығы бүгінгі және болашақ ұрпақтардың даму және қоршаған орта салаларындағы негізгі қажеттіктерін әділетті түрде жүзеге асыруы керек».

3 - қағида «Дамушы елдердің, солардың арасында, бірінші кезекте, ең төмен дамыған және экологиялық жағдайы қауіптілерінің ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне басты назар аудару керек».

4 - қағида «Әлем, даму және қоршаған ортаны қорғау бір-біріне байланысты және бөлінбейді» (Ноосфера — устойчивое развитие. — Алматы, 1996. — № 1. — С. 22—28).

Орнықты даму принциптерінің өлшеуіші ретінде адам алынады. Соңғы жылдары әлем елдерін салыстыру білімділік деңгейін, адамдардың орташа жас мөлшерін және басты қажеттіктерін өтеу сапасын қамтитын адамдық даму индексі арқылы жүргізіледі. Адамдық көрсеткіштерді ескермейтін, тек табиғатты пайдалануға бағытталған, табиғи және әлеуметтік қоршаған ортада тұтынушылық пиғылдағы ұстаным шынайы кісілік байлықты дамыта алмайды: адамды белгілі бір жоспарлар мен стратегияларды жүзеге асыратын құрал ретінде қарастырған жөн емес, керісінше даму жоспарлары адамға қызмет ету керек. А. Печчеи атап өткеніндей, «адамда біздің барлық шешілмеген мәселелеріміздің негізі жатыр, онда барлық үміттеріміз бен ұмтылыстарымыз қордаланған, және ол біздің барлық арманымыздың түйіні» (Печчеи А. Человеческие качества. — М., 1980. - С. 183, 184). Өсу үшін өсу адамзаттың мүдделеріне қайшы келеді — ол өмір сапасын жоғарылатудан гөрі, керісінше, төмендетіп жібереді. Экономикалық даму гуманды мақсаттарға қызмет етуі керек және осы міндетке сәйкес болса ғана өзін-өзі ақтай алады. Қоршаған ортаның тежеусіз ластануы, қалалық конгломераттардығы автокөліктің көбеюінен пайда болған шу мен зиянды смог, тұлғасыз бюрократтану мен руханилыққа қарсы стандарттау, нәпсіқұмарлыққа жарнама мен өндірісті пайдалану, жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс және халықаралық саудадан түсетін пайда арқылы өлшенгенде экономикалық даму болғанымен, ол адамзаттың түбегейлі мүдделеріне ыңғайлы және қолайлы емес. Орнықты даму жүйесінде барлық құрылымдар адамдық табиғаттың ізгі және гуманды негіздерімен айқындалады және мынадай адамгершілік құндылықтарын жүзеге асыруға бағытталған:

әлем азаматтарының тең құндылығының көрінісі ретінде бүкіл дискриминация мен қорлауға қарсы тұратын теңдік; әрбір тұлғаның негізгі құндылықтарының және олардың бас-қалармен еркін үйлесімділігін білдіретін бостандық; демократия және адамдардың экономикалық, саяси және қоғамдық өмірде толыққанды қатысуы; ортақ мүдде мен өзара сыйласуды білдіретін және басқаға деген туысқандық пен сүйіспеншілік сезімін аңғартатын бірегейлік; халықтардың өзіндік ерекшеліктерін дамытатын және әртүрлі елдердің арасындағы мәдени құндылықтар алмасуының құралы болатын мәдени әртүрлілікті сақтау; салауатты қоршаған ортаны сақтау (Тинберген Ф. Пересмотр международного порядка. — М., 1980).

XX ғасырдың соңындағы орнықты даму

Орнықты даму XX ғасырдың соңындағы жаңа бағдарларды тереңдету арқылы мүмкіндікке ие болды. Американдықтар Д. Нэсбитт пен П. Эбурдин олардың арасында мыналарды атап өтеді:

90-шы жылдардың барысындағы экономикалық жедел даму және жаңа технологиялар; әлеуметтік реттеу элементтерін ерікті нарықпен үйлесімді қосу; әмбебап өмір салты және мәдени ұлтжандылық; приваттық (жекеше) және мемлекеттік дәулеттілік тенденцияларын үйлесімді қосу; өнердің, көркем мәдени еттің қайта жаңғыруы; діни өркендеу; тұлға салтанаты.

Барлық осы бағдарлар негізінен дамыған елдерге тән, сондықтан орнықты даму концепцияларында әр елдің даму деңгейін еске алған жөн. Мәселені зерттеушілердің атап өткеніндей, Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы ұлғайып бара жатқан алшақтық әлемдік өркениеттің түрақтылығына қауіп тудырады. Сондықтан Рио-92 декларациясында нашар дамыған елдердің жалпы кешеуілдеуін тоқтатуға үлкен көңіл бөлінді. Әлем барған сайын жалпы ғаламдық сипатқа ие болып отыр. Жоғарыда аталған құжатта орнықты дамудың мынадай басты алғышарттары аталып өтеді:

адамдық — «үздіксіз дамудың түйінінде адамдар тұруы қажет»; экологиялық — «қоршаған ортаны қазіргі және келешек ұрпақтар үшін сақтау міндет»; экономикалық — «даму, тұтыну үшін мұқтаждық»; әлеуметтік — «кедейлік пен қайыршылықты жеңу»; құқықтық — «қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдар жүйесін жасау»; халықаралық ынтымақтастық пен әріптестік — «мемлекеттер мен халықтар арасындағы сүхбатты жаңа деңгейге көтеру» (Ноосфера — устойчивое развитие. — Алматы, 1996. — № 1. — С. 35).

Осы сәтке «дағдарыс» анықтамасы көбірек тән болғанымен, қазақстандық қоғам үшін орнықты даму концепциясының маңызы зор. Аталған дағдарыстан шығу үшін Қазақстан орнықты даму жолына шығуы қажет. Белгілі болғандай, Қазақстан экологиялық қауіпті және төтенше елдер қатарына жатады. Осы мәселені зерттеуші В.Н. Василенконың сараптауы бойынша, «Қазақстан қоршаған ортаны қорғауға арналған ең төмен шығындарды жұмсай отырып (Еуразия елдерінің арасында), планетадағы ең жоғары техногендік биосфераға бағытталған қысымды басынан ұшыратып отыр. Белгілі экологиялық SAIC фирмасының деректері бойынша, Қазақстандағы экологиялық қаржылау жылына бір адамға 20 центті және әр шаршы шақырымға 1.21 АҚШ долларын құрастырады. Неше түрлі азық-түлік, энергетикалық және басқа да мұқтаждықтарды өтеу үшін, әлемдік базарларға шығу мақсатында Қазақстан жыл сайын бір адамға шаққанда 50 тонна табиғат затын өндіреді және технологиялық өңдеуден өткізеді. Олардың арасында қалдықтар 95 пайызын құрастырады және Қазақстан жерінде 19 миллиард тонна өнеркәсіптік қалдықтар қалған әр қазақстандыққа 1 тоннадан артық келеді. Әсіресе қауіпті жағдай елдің демографиялық жағдайында қалыптасқан — халықтың едәуір бөлігін экологиялық себептерден туындаған дерттер қамтыған және — осының салдарынан өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші төмендеп келеді. 1990—1995 жылдар арасында ол 68.6-дан 66.1-ге дейін төмендеген» (Ноосфера — Жербесік. — Алматы, 1996, № 1. - 334-бет). Егер жоғарыда аталған факторларға Қазақстандағы экологиялық зардап шеккен төтенше аймақтарын (Арал маңы, Семей полигоны, Байқоңыр космодромы аймағы, далалардың шөлденуі ж.т.б.) қоссақ, онда еліміздегі экологиялық жағдайдың аса қауіптілігі күмән туғызбайды. Сонымен қоса патерналистік ұстанымдағы тоталитарлық ділдің қалдықтарын да ескеру керек. Экологиялық апат себебін тек ғылыми-техникалық прогресс пен халық кедейлігінен іздемей, адамдардың санасындағы мәдени-ізгілік құлдырауды да экономикалық - экологиялық қиындықтарды тудыратынын ұмытпаған жөн. «Ноосфера — Жербесік: Орнықты даму» экологиялық аймағында осыған байланысты төмендегідей пікір айтылады: «Көптеген саясаткерлер, әлеуметтанушылар, заңгерлер мен экономистер, психологтар мен реформаларға қатысты сарапшылардың ортасында, елдің ұлттық мүдделері мен басым бағыттарына қайшы келетін мынадай стереотиптер мен мифтер кездеседі:

Қазақстанның табиғи ресурстарының арзан және таусылмайтындығы туралы; биосфераның экологиялық заңдылықтарын елемесе де болады; саясаттағы, құқықтағы, экономикадағы және табиғатты пайдалану технологияларындағы экономикалық талаптарды орындауды кейінге қалдыруға болады; экологиялық зандар жүйесі ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық приоритетті бөлігіне жатпайды; қоршаған ортаны қорғауға көп қаржы бөлу — бай және қаржылы елдердің үлесі; халықтың экологиялық талаптарын мемлекеттік шешім қабылдағанда, онша елемесе де болады» (Ноосфера — устойчивое развитие. — Алматы, 1996. — № 1. — С. 334—335).