Сәкен Құсайынұлы Иманасов (2 мамыр, 1938 жыл, Алматы облысы, Алакөл ауданы Талапкер ауылы - 10 желтоқсан 2012 жыл Алматы) - ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006).
Өмірбаяны Қазіргі Үшарал қаласындағы Абай атындағы орта мектепті бітірген. теміржол құрылысында қатардағы жұмысшы. аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы болған. Аудандық газетте қызмет істейді. «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер. Алматы облыстық партия комитетінде жауапты қызметте. Қазақстан Жазушылар одағында жауапты қызметтер атқарған. «Балдырған» журналында істеген. «Қазақ мемлекеті» газетінде істеген. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында істеген. «Жазушы» баспасында редактор, редакция меңгерушісі, бас редактор қызметтерін атқарған. Алматы облыстық әкімшісінде жауапты қызметте болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. Шығармашлығы Алғашқы өлеңі 1956 жылы шыққан. Кітаптары: «Туған ауыл» «Ақ айдын» «Ақ дариға» «Жайдарман» «Ғашық дүние» «Алтын аймақ» «Ғашықпын саған» «Бел-белес» «Адырна» «Жебе» орыс тілінде: «Созвучие» «Тетива» атты кітаптары Шығармалар жинақтары: 1993 жылы шығармаларының екі томдығы жарық көрді. 1998 жылы бір томдық таңдамалысы 2001 жылы «Қаламдастарым мен замандастарым» атты эсселер, пайымдамалар, арнау өлеңдер кітабы шыққан. 2003 жылы «Елорда» баспасынан соңғы оншақты жыл ішінде жазылған өлеңдері «Өткірдің жүзі» деген атпенен естеліктері «Жазушы» баспасынан «Қалам мен Заман» деген атпен жарық көрді. «Жазушы» баспасынан 2007 жылы шығармаларының екі томдығы 2008 жылы таңдамалы шығармаларының 5 томдығы балаларға арналған «Жәнібек пен атасы» атты кітабы шықты. Аудармалары Көркем аударма саласында оның тәржімасымен Шығыс шайыры Жалаладдин Руми, орыс ақындары А.Кольцов, В. Маяков-ский, ангола ақыны А.Нетто, саха М.Ефимов, қырғыз А.Рысқүлов, С.Жусуевтердің кітаптары басылып шықты. Марапаттары Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006) Алматы облысының Құрметті азаматы. Алакөл ауданы Құрметті азаматы. Үшарал қаласының Құрметті азаматы.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:2 мамырда туғандар Санат:1938 жылы туғандар Санат:Алакөл ауданында туғандар Санат:10 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:2012 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Алматы облысының құрметті азаматтары Санат:Алакөл ауданының құрметті азаматтары Санат:Үшарал қаласының құрметті азаматтары