Шарын — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл, Шарын ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Шонжы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, Шарын өзенінің атырауында, ши, қылқан боз, құрақ өскен сирек тоғайлы келген шалғынды сұр, сортаң топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен56535572 6236 111,9 2833 3240 114,4 2739 2996 109,4

Тарихы 1930-97 жылдары Свердлов атындағы сүт өндіретін ұжымшардың орталығы болды. Оның негізінде Шарында өндірістік кооператив және шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта, бастауыш мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, 2 кітапхана, аурухана, дәріхана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобилдік жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Ұйғыр ауданы елді мекендері