Ынтымақ — Алматы облысы Іле ауданы, Байсерке ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2023 жылы таратылып, Жетіген ауылының құрамына енгізілді.Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
Географиялық орны Аудан орталығы - Өтеген батыр ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-дей, округ орталығы - Байсерке ауылынан 7 км-дей жерде, жусан аралас әр түрлі астық тұқымдас шөптесін өскен құрғақ далада орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен21343441 4476 130,1 1627 2219 136,4 1814 2257 124,4
Тарихы Ауылда 1997 жылы шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, мешіт, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар, Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобильдік жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Іле ауданының таратылған елді мекендері