Жиһаз - көсіпорын, "Красный Октябрь" фабрикасы негізінде 1960 ж. құрылды. Ол негізінен ас үйге арналған жиһаз түрлерін шығарды. Кейін фабриканың материалдық базасы жақсарды. 1981 жылдан фабрика жұмсақ жиһаздар ("Раушан", "Гауһар", "Ақсу", "Айнүр", "Көктем") шығаруға кірісті. 1993 ж. ол "Жиһаз" акционерлік қоғамы ретінде қайта құрылды. 1993 жылдан сандық, ағаш төсек, бір және екі қобдилы столдар шығарына бастады. 1993 жылдан бастап жиһаздар асыл тастармен безендірілді. Қазір көсіпорында 309 адам жұмыс істейді (1995).Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер